Posted by: baikasam | Сәуір 4, 2008

Коктем оз кушiне ендi

dsc00739.jpg

dsc00652.jpg

dsc00732.jpg

Advertisements
Posted by: baikasam | Қараша 28, 2007

Міне күз де бітіп, қыс келіп қалды. Жаңа Жыл мейрамында 4 күн демалыс, Тәуелсіздік күнінде және Құрбан айт мейрамында 6 күн демалады екенбіз.
«Әшейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас» демекші, жаза бастағанда ойлар тым-тырақай қашып кетеді. Қазір ойыма келген кез келген нәрсені жазамын:
Төлегеннің махаббаты күшті ме, Бекежанның махабаты күшті ме?
Қолдан келмейтін нәрсе бола ма?
Жұмыста жұрттың бәрі Муха деп атап кеткен кісі бар. Бір күні СЭС қызметкерлері мекемеге санит-тазарту ушін келіп, «Есть муха» деп сұраса, «Муха у начальника» деген жауап алыпты.
Адамның бәрі жақсы болса, өмір түк қызық болмай қалатын шығар.

Posted by: baikasam | Қараша 23, 2007

Бугін күн – нағыз күз болып тұр. Осындай ауа райы маған ұнайды. Жеңіл жауын, салқын ауа райы
– жанға бір жеңілдік беретін сияқты.
Алда – қыс. Биыл қысқы ауа райы жайлы болжамдар қалай екен, қарау керек болды.

Жаңалықтар: Массаган.com сайты мараптталганына ӨТЕ ризамын. Құтты болсын!!!
Футболдан Қазақстан Армения құрамасын 1-0 есебімен ұтты. Ризамын!

Осындай жеңісті кундер көп болсын!

Posted by: baikasam | Қараша 1, 2007

Колдау

ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛДІҢ, ҚАЗАҚ ҰЛТЫ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҢ ҚҰРБАНЫНА АЙНАЛА МА?..
Уақыты:2007-10-31
Егеменді мемлекет атанғанымызға 16 жыл толса да қазақ тілінің жұлдызы жанбай-ақ қойды. КСРО дәуірлеп тұрған 1989-жылдың өзінде тіл жанашырларының белсенді қайрат көрсетуінің арқасында, мемлекеттік тіл мәртебесін алған қазақ тілі содан бергі уақыт аралығында барынша тұқыртылумен келеді. Кезінде қазақ тілімен қатар орыс тіліне де мемлекеттік тіл мәртебесін беру мәселесі көтерілген болатын. Алайда ол идея елеулі тойтарыстарға тап болғаннан кейін билік өз дегенін жүзеге асыру мақсатында үш тұғырлы тіл (триединство языков) деген жаңа тәсілді ойлап тапты. Сонда қалай, артық-кемі жоқ бір-бірімен тең дәрежеде қолданылатын үш тұғырлы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің қайсысы мемлекеттік тіл мәртебесіне ие? Әлде үшеуін де мемлекеттік тіл деп қабылдаймыз ба?
Бір қарағанда үш тұғырлы тіл идеясында пәлендей кінәрат жоқ тәрізді әсер қалдырады. Шынтуайтына келгенде көп тіл игеруге ешкім қарсы емес. Әл-Фараби бабамыздың 76 тіл білгені біз үшін мақтаныш. Бірақ бала оң-солын танығанша өз ана тілінде оқып, білім алмаса, оның табиғи жолмен дамуына кінәрат түсіп, ұлттық ділін қалыптастыра алмайтыны белгілі. Мәселен, Жапонияда бала 12 жасқа келгенше тек өз ана тілінде тәрбиеленеді. Өзге де өркениетті елдерде, тіпті кешегі КСРО-ның өзінде бастауыш сыныптар тек ұлттық тілде оқытылды. Шет тілдерін игеруге 5-ші сыныптан бастап бұрылатын. Солай бола тұра «шаш ал десе, бас алуға» бейім кей пысықайлар үш тұғырлы тіл идеясын жалаулата көтеріп, әлі бұғанасы қатпаған, ой-санасы, буыны бекімеген 2-3 жасар сәбилерді балабақшадан бастап үш тілде оқытуға кірісіп кетті. Тіпті телеарналар бұл орайда қай облыстың игі нәтижелерге қол жеткізгендігін жарыса насихаттауда. Сонда тұнығы астан-кестен қозғалысқа түскен әлгі сәбилердің болашақ тағдырына кім жауап береді? Кезінде қазақтың дара перзенті Жүсіпбек Аймауытов: «Бала өз ана тілінде тәрбиеленбесе, өз ұлтына қызмет ете алмайды» деп ұран тастамап па еді? Жалпы үш тұғырлы тіл идеясы ешқандай ғылымға негізделмеген, педагогикалық өлшемдерге мүлде сыйыспайтын бастама. Оның үстіне үш тұғырлы тіл деген атауы да ақылға қонбайды. Байыбына барсақ, бірінші тұғырда тұратын тек мемлекеттік тіл болуы керек еді. Ал, өзге тілдерді онымен бір сапқа қатар қою – Ата Заңға қайшы. Сондықтан ең болмаса «мемлекеттік және қос тұғырлы тіл» десе бір сәрі. Біз «үш тұғырлы тіл» идеясын асығыс жасалған шешім деп білеміз.
1994-жылы 150 шалақазақ кәсіпкерлер биліктің жасырын түрде қолдауымен «қазақстандық ұлт» идеясын көтерді. Ол кәсіпкерлер «Казахстанская правда» (22 желтоқсан, 1994 ж.) газетінде былай деп жазды:
«В связи с введением… новых паспортов исключить графу «национальность», так как мы, многонациональный народ Казахстана, ЯВЛЯЕМСЯ ОДНИМ НАРОДОМ И НАЦИЕЙ – КАЗАХСТАНЦАМИ».
Байыбына барсақ, бастауын «американдық ұлттан» алатын «қазақстандық ұлт» идеясы бізге мүлде келмейді. Себебі, Америка ұлттық мемлекет емес. Ол елде бір кезде ашкөздік психология жетегінде тек баюды мақсат тұтқан басқыншы келімсектер салтанат құрды. «Американдық ұлт» идеясы зорлықпен, азаппен өлтірілген 150 миллионға жуық жергілікті үндістер сүйегінің үстіне бой түзеді. Сондықтан ол ел бізге экономика саласында үлгі саналса да рухани тұрғыдан мүлде үлгі бола алмайды. Адам баласының жалқыны мойындамай, жалпыны ұғуы мүмкін емес. Тіршілікте бір адамды сүю арқылы ғана бүкіл адамзатты сүюге, тануға жол табамыз. Әр адам өз ұлтыңның тілін, салт-дәстүрін сүю арқылы ғана басқа ұлттардың тіліне, рухани құндылықтарына үлкен құрметпен қарай алады. Тамырсыз бірде-бір өсімдік болмайтыны сияқты адам баласы да ата-тегімен, оның рухани құндылықтарымен көрінбейтін тамырлар арқылы жалғасқан. «Қазақстандық ұлт» идеясы бірте-бірте біздің сан ғасырлық ата-баба рухымен байланысымызды мүлде жойып, жаңа космополиттік болашақ қалыптастыратыны ешкімге құпия сыр емес.
Рас, біртұтас кеңес халқын жасау идеясын кезінде КСРО көсемдері де көтерді. Бірақ олар өз дегендеріне жете алмады. Оның үстіне бұл идеяны КСРО-ның соңғы президенті М.Горбачевтың өзі де қолдай қойған жоқ. Ол бұл тұрғыда былай дейді:
«Есть все основания предположить, что коммунистический космополитизм не мог победить по той простой причине, что в его фундаменте лежала утопия. Как мы уже с Вами говорили, национальные чувства, как и чувства собственности, имеют глубокие корни в душе человека. Можно смело утверждать, что нельзя стать гражданином вселенной, если ты не стал гражданином своей страны…
Нельзя было желать, чтобы русские забыли, что они русские, казахи забыли, что они казахи, а грузины забыли что они грузины. Здесь был просчет коммунистического эксперимента». (М.Горбачев, Д.Икеда, «Моральные уроки XX века», Москва, 2000 г.)
Егер бұл мәселеге ислам діні тұрғысынан қарасақ, ұлтты жою Алла қалауына қарсы шыққандық болып табылады. Өйткені Құран Кәрімде:
«…бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлтқа, руға бөлдік» (49-сүре) деген аят бар.
Сондай-ақ «үш тұғырлы тіл», «қазақстандық ұлт» идеялары қазақтардың мемлекет құрушы ұлт екендіктерін жоққа шығарып, бүгінгі билік басында қазақ халқы есебінен ұсталып отырған шамамен 90 пайыздық ұлттық көрсеткішті бірден құлдыратып, 5-10 пайызға дейін түсіріп жіберетіндігі күмәнсіз. Жуырда «қазақстандық ұлт» идеясының «Қазақстан – 2030» стратегиялық жоспарына енгені «Хабар» телеарнасы арқылы хабарланды. Бір сөзбен айтқанда бұл жолмен жүрер болсақ, келешекте қазақ халқы өз Отанында ұлт ретінде мемлекет басқару билігінен айрылады. Себебі, американдықтар сияқты ұлттық мәселе әркімнің жеке отбасылық шаруасы болып қалары хақ. Сондықтан да мұндай утопиялық идеяларға жол беруге болмайды деп білеміз.
Жуырда «Нұр Отан» партиясы жағындағы бір беделді газет «Нұр Отан» партиясы орыс тіліне мемлекеттік мәртебе беруге референдум өткізу туралы мәселе көтермек» деп жазды. Егер бұл идея расқа шықса, қазақ тілі былай тұрсын қазақ ұлтын жоюға үш бағытта жұмыс жасалып жатқанын айқындау қиын емес.
Ойланбай жасалған ағат қадам еліміздің бірлігі мен шырқын бұзуы мүмкін. Сондықтан біз билік тұлғаларын әлдекімдердің жетегінде кетпей, көтерілген мәселелер төңірегінде әлі де терең ойлануға шақырамыз.

Әбдіжәміл НҰРПЕЙІСОВ, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Мұзафар ӘЛІМБАЕВ, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Мұхтар ШАХАНОВ, Республикалық «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы, Қазақстанның халық жазушысы;
Қадыр МЫРЗА-ӘЛИ, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, КСРО халық әртісі, Еңбек ері;
Амангелді АЙТАЛЫ, философия ғылымдарының докторы, профессор;
Әлихан БАЙМЕНОВ, «Ақ жол» партиясының төрағасы;
Мекемтас МЫРЗАХМЕТОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор;
Клара ХАН, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,
Корея достық қоғамының вице-президенті;
Асылы ОСМАН, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Әзірбайжан мәдени орталығының төрайымы;
Ескендір ХАСАНҒАЛИЕВ, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Темірхан МЕДЕТБЕК, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Талаптан АХМЕТЖАН, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары;
Смағұл ЕЛУБАЙ, Пен-клубтың вице-президенті;
Мереке ҚҰЛКЕНОВ, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры;
Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлықтың лауреаты;
Эрнест ТӨРЕХАНОВ, Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы;
Марал ЫСҚАҚБАЙ, Қазақстан авторлары қоғамының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы;
Шәмшиддин ПАТТЕЕВ, «Түркістан» газетінің бас редакторы;
Мақсат ТӘЖ-МҰРАТ, «Ана тілі» газетінің бас редакторы;
Ертай АЙҒАЛИ, «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы;
Құдияр БІЛӘЛ, «Жалын» журналының бас редакторы;
Шарафутдин ӘМІР, «Заң» ЖШС-нің президенті;
Қазыбек ИСА, «Жас қазақ үні» газетінің бас редакторы;
Қали СӘРСЕНБАЙ, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы;
Жарылқап ҚАЛЫБАЙ, «Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы;
Исатай БАЛМАҒАМБЕТОВ, «Алтын орда» газетінің бас редакторы;
Ермұрат БАПИ, «Тасжарған» газетінің бас оқырманы;
Серғазы МҰХТАРБЕКҰЛЫ, «Қазақстан» газетінің бас редакторы;
Қалдыбек ҚҰРМАНӘЛІ, Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі дирекциясының бас директоры, композитор;
Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ, «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы;
Мыңбай ІЛЕС, журналист;
Оразхан ЖАРҚЫНБЕК, «Сана» газетінің бас редакторы;
Әлібек ҚАЛАМБАЕВ, ҚР халық ағарту ісінің үздігі, зейнеткер;
Кәдірбек СЕГІЗБАЕВ, жазушы;
Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ, ақын;
Әмірхан МЕҢДЕКЕ, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;
Сабыржан ШҮКІРҰЛЫ, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері;
Нұрқасым ҚАЗЫБЕК, жазушы;
Айгүл ҮЛКЕНБАЕВА, ҚР еңбек сіңірген әртісі;
Бақытжан ТОБАЯҚОВ, ҚР Мәдениет қайраткері;
Дағжан БЕЛДЕУБАЙҰЛЫ, журналист;
Кемелбек ШАМАТАЙ, журналист;
Болат ШАРАХЫМБАЙ, ақын;
Есенғали РАУШАНОВ, «Жазушы» баспасының директоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Жанболат МАМАЙ, журналист, т.б.

Posted by: baikasam | Қазан 28, 2007

Ауылда

Ауылга барып келдим. Ел-аман, журт-тыныш. Әркім оз тіршілігин жасап журіп жатыр. Кысылып турган адам байкамадым.
Танертен көшеге шықсам, жолда бір топ жігіт тұр. Алды 40-қа таяп қалған, соңы 30 жас шамасындағы соқталдай жігіттер. Әңгімелері: Кеше тойлап едік, содан бас ауырып тұр, бірденең бар ма? Барлығы жуық не үйленбеген, не ажырасып кеткен сол арақтың арқасында. Арасында бір жігіттің інісі қайтыс болып, қырқын таратып жатқан. Ал оған бауырдан, туған-туыстан шайтан су артық болып тұр….

Ауылда бюджеттік мекемелерде істейтіндердің көпшілігі кредит алып алған, енді соны қайтарумен жүр. Айлықтарының жартысы кредит жабуға , біраз бөлігі жұмыстың алымдарына(комиссия күтуге, параға, газет-журналға жазылуға т.б) кетеді. Қалған жартымсыз бөлігіне қайтіп жан бағып жатқандарына таң қалам . Сонда да еңселері берік.

Мектептегі бір уақиға(досым айтты): Кунде таңертен мектепте сабақ әнұран айтудан басталады. 3 сыныпта оқитын бір бала сабаққа жүгіріп келеді. Кешігіп келеді. Сыныптың есігіне жете бергенде әнұран басталып кетті. Оқушы есіктің түбіне сөмкесін қоя салып, оң қолын кеудесіне қойып тік тұра қалды. КЕРЕМЕТ!!!

Posted by: baikasam | Қазан 24, 2007

Бугин

Бугин ауа райы жаксы. Алда-мейрам. 3 кун демалысты пайдаланып ауылга барып
келермин деп отырмын.
Турмыс: Бага осип жатыр кайда барып токтайды екен?
Интернет: Кейбир сайттарга(geo, kub, т.б) киру мумкин
болмай калыпты. Ертисбаев билмеймин депти, сонда ким биледи, кызык.
Казакша сайттарда озгерис жок, massagan.com жаналыктары сиректеп кетипти.
Халал индустриясы жайлы макаланы окып, ишим жылып калды. Баска сайттарда балендей жаналык байкамадым.
Жаналыктардан: http://cursorinfo.co.il/news/world/2007/10/23/loma/ -АКШ-та
шенеуник сыйга тарткан Кураннан бас тартыпты….

Posted by: baikasam | Шілде 11, 2007

Ассалаумалейкум

Байкасам, копшілік блог жазуды ермек кылып алыпты. Бул да бiр адамнын озiнiн корсетудiн куралы шыгар. Мен де заман агымынан калмай кунделiгiмдi бастайын.
Жазу керек деп санаган нарселерiмдi жазармын

Кош келiпсiздер!

Санаттар